Жаңаөзенде әйелдер ойын алаңында төбелескен

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жаңаөзенде әйелдер ойын алаңында төбелескен

Жаңаөзенде екі әйел ойын алаңында төбелесті. Ашуланған әйелдер балалар мен ата-аналарының көз алдында осындай қадамға барған, - деп хабарлайды "КТК" телеарнасы.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жаңаөзенде екі әйел ойын алаңында төбелесті. Ашуланған әйелдер балалар мен ата-аналарының көз алдында осындай қадамға барған, - деп хабарлайды "КТК" телеарнасы.

Жанжал түсте басталған, бұл кезде алаңда бала көп болған. Екі әйел велосипед бөлісе алмаған: әрқайсысы велосипедке баласы отыруы керек деп ойлаған. Алдымен әйелдер бір-біріне дауыс көтеріп сөйлескен, содан кейін жұдырықтасқан.

Әйелдер құмсалғышқа құлағаннан кейін де төбелесті жалғастырған. Оларды сол жерден өтіп бара жатқан ер адамдар ғана ажыратып алған. Желідегі даулы кадрларды көрген полиция оларды іздеген. Бірақ екеуі де бір-біріне ешқандай шағымы жоқ екенін мәлімдеген.

"Полиция екеуін де анықтады, содан кейін азаматтар қалалық полиция бөліміне жеткізілді. Әйелдердің бір-біріне деген шағымы жоқ, мәлімдеме жазған жоқ. Олармен профилактикалық әңгіме жүргізілді", - деді Маңғыстау облысы Полиция департаменті баспасөз хатшысы Әйгерім Ибатуллаева.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети