Жаңаөзенде "Газель" тепловозбен соқтығысты: 6 адам мерт болды, 7 адам ауруханаға жеткізілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жаңаөзенде "Газель" тепловозбен соқтығысты: 6 адам мерт болды, 7 адам ауруханаға жеткізілді © Lada.kz

Жаңаөзен маңындағы Теңге ауылындағы теміржол өткелінде "Газель" көлігі тепловозбен соқтығысты, - деп хабарлайды "Лада".

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жаңаөзен маңындағы Теңге ауылындағы теміржол өткелінде "Газель" көлігі тепловозбен соқтығысты, - деп хабарлайды "Лада".

Алдын ала мәлімет бойынша, жол апаты салдарынан 6 адам қаза болған. Жеті адам ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Жаңаөзен қаласының прокуратура өкілдері мәлімдеді. 

Оқиға туралы Жаңаөзеннің Ішкі істер басқармасына сағат 14:00-де хабарланды. Прокуратураның баспасөз қызметінің мәліметінше "Газель" көлігінің ішінде 13 адам болған. Қаза болғандар мен зардап шеккендер саны нақтыланып жатыр. 

"Бұл дерек ҚР ҚК-нің 345-бабының 4-тарауы бойынша СДТБТ-ға тіркелді. Оқиға орнына Жаңаөзеннің өкілетті қызметтері, құқық қорғау органдарының өкілдері мен Маңғыстау облысы прокурорының орынбасары Асқар Досекенов барды. Қажетті сараптамалар мен тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - дейді прокуратураның баспасөз қызметінің өкілдері. 

Сонымен қоса, оқиға орнына Маңғыстау облыстық аурухана дәрігерлері санавиация құрамында аттанды. Тепловоз ішіндегі адамдардың қаза болуы мен жарақат алуы туралы ақпарат тексеріліп жатыр. Зардап шеккендер арасында кәмелетке толмаған бір баланың болғаны анықталды. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети