Жаңаөзендегі митинг: Энергетика министрлігі мен әкімдік газ неге қымбаттағанын түсіндірді

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент
viewings icon 2360 comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Маңғыстау облысы әкімдігі мен Энергетика министрлігі автогаз қымбаттағанына наразылық білдірген Жаңаөзен халқына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Маңғыстау облысы әкімдігі мен Энергетика министрлігі автогаз қымбаттағанына наразылық білдірген Жаңаөзен халқына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Облыста 1973 жылдан бастап газ өндіретін жалғыз кәсіпорын - Қазақ газ өңдеу зауыты. Ол айына 14,5 мың тонна сұйытылған газ өндіреді. Алайда облыстың тұтыну көлемі 18 мың тонна болғандықтан, зауыт өңірдің қажеттілігін толық өтей алмайды. Сондықтан облыстан қосымша 3,5 мың тонна газ жеткізіледі", - деді Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Бердібек Қартбаев.

Оның айтуынша, бұл мәселе зауыттағы жабдықтардың тозуына да байланысты болып отыр. Ол 90 пайызға жетіп отыр. 

"Шұғыл шаралар қолданылмаса, болашақта зауыт тоқтап, сұйытылған газ тапшылығы болады. Сұйытылған газды нарық бағасына сай сатуға мүмкіндік беретін жаңа зауыт салу жоспарланып отыр", - деп түсіндірді Қартбаев.

Ол республика бойынша газдың орташа бағасы литріне 110 теңге, көршілес Атырау облысында 115 теңге, Оралда 120 теңге екенін айтты.

"Қазір облыс бойынша соңғы тұтынушыға дейін газ бағасы 95-тен 115 теңгеге дейін өзгеріп тұр. 60 теңге мөлшеріндегі бұрынғы баға енді болмайды, өйткені қазір биржадағы газ бағасы - тасымалдау мен кәсіпкердің шығындарын есепке алмағанда, литріне 70-85 теңге. Әкімдік газ бағасын реттемейді, өйткені бұл тауар бәсекелестік нарыққа жатады", - деп түсіндірді ол.

Энергетика министрлігі сұраныс артуына байланысты газ қымбаттап жатқанын түсіндірді. 

"2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап сұйытылған мұнай газы сауда-саттығының тауар биржалары арқылы 100 пайызға ауысуы жүзеге асырылды. Электрон сауда-саттық арқылы газ сату нарықтың барлық қатысушысы үшін тең жағдай қалыптастырады және қажет газ көлемін тікелей өндірушілерден сатып алуға мүмкіндік береді", - деп түсіндірді министрлік өкілі.

Ведомстводағылар Қазақстанда сұйытылған мұнай газын тұтыну жыл сайын артып жатқанын, ал өндіріс көлемі кейінгі жылдардағы деңгейде қалып отырғанын айтып отыр.

"Электрон саудаға көшу сұраныс пен ұсыныс негізінде газға бағаны теңестіруге, инвестициялар тартатын жаңа өндірістік қуат құруға мүмкіндік береді. Нарық механизмдері бәсекелестіктің дамуына оң әсер етеді. Электрон сауда-саттыққа көшкенге дейін сұйытылған мұнай газының бағасы өндірушілер үшін шығынға алып келді, өйткені ол өзіндік құнынан төмен бағада болды", - деді министрлік өкілі.

Бұған дейін Жаңаөзенде тұрғындар жаппай митингке шыққаны хабарланды. Олар газ қымбаттағанына наразылық білдірген еді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Комментарий отправлен на модерацию
Пікірлер news 0
Жолдау
Комментарии проходят модерацию редакцией

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro

Оставьте свой email и мы будем присылать вам самое главное за неделю