22 қыркүйек күні таңертең Алматының Жетісу ауданында ірі жол апаты болды. Жұмабаев және Палладин көшелерінің қиылысында жанармай тасушы көлік жолаушылар автобусымен және Mercedes жеңіл автокөлігімен соқтығысты, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Куәгерлердің айтуынша, №56 бағыттағы автобус Жұмабаев көшесімен шығыс бағытта келе жатқан. Көше қиылысында автобус бағдаршамның қызыл жарығы кезінде орнынан қозғалған. Сол кезде Палладин көшесімен солтүстік бағытта жүріп бара жатқан жанармай тасушы көлік автобусқа соғылды. Жолаушылары бар автобус аударылып, қатарда келе жатқан Mercedes-ті қақты.
Жол-көлік оқиғасынан, алдын ала мәлімет бойынша, сегіз адам зардап шекті - олар қоғамдық көліктің жолаушылары. Автобустың жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды. Құтқарушылардың айтуынша, кабинадан ұшып кеткен ер адам көліктің астында қалып қойған.
Royal Petrol компаниясына қарасты жанармай тасушы көлік пен жеңіл автокөліктің жүргізушілері аман. Оқиға орнына қаланың шұғыл қызметтері келді.