Заңгер әрі құқыққорғаушы Айгүл Орынбек Facebook желісінде Оңтүстік Қазақстан облысында зорланған сегізінші сынып оқушысының анасының видеоүндеуін жариялады. Әйел Бас прокуратурадан және Қазақстан ІІМ-нен назар аударуды сұрап отыр.

Ролик авторының айтуынша, қылмыс Оңтүстік Қазақстан облысы Бəйдібек ауданы Шаян ауылында болған. 10 мамырда белгісіздер мектеп оқушысын ұрлап әкетіп, Шымкентке апарған да, зорлаған.
"Сегізінші сынып мектеп оқушысын ұрлап кетіп, зорлаған жігіт бостандықта жүр. Зорланған қыздың анасының жан айқайы!", - деп жазды құқыққорғаушы видеоны жариялай отырып.
Қыздың ата-анасы полицияға хабар бергенін айтып отыр. Қыз аман табылып, үйіне жеткізілген. Алайда, полицияға жазылған арызға қарамастан, 14 жастағы қызды зорлаған адам бостандықта жүр екен.
Видеода қыздың зар жылаған шешесі оқиғаны баяндайды:
Қазіргі уақытта ОҚО прокуратурасы осы мәселемен айналысып жатыр екен.