Жанқош Тұраров: Ешкімге қоқан-лоқы көрсетпедім

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жанқош Тұраров: Ешкімге қоқан-лоқы көрсетпедім Фото:instagram.com/zhankoshturarov

Боксшы Жанқош Тұраров Бостандық ауданындағы нысанды бұзу кезінде соққы алған сот орындаушысына қатысты жағдайдың мән-жайын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Боксшы Жанқош Тұраров Бостандық ауданындағы нысанды бұзу кезінде соққы алған сот орындаушысына қатысты жағдайдың мән-жайын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жанқоштың айтуынша, ол әпкесінің өтінішін орындап, баланы балабақшадан алып келуге барған.

"Жағдай былай болды. Әпкем "үйде бір жағдай болып жатыр, баланы балабақшадан сен алып келші", - деп өтінді. Сосын үйіне бардым. Барсам үйінің қақпасын бұзып жатыр екен. Мен бұзып жатқандардан, "күн суық, көшеде қалдырайын деп тұрсыңдар ма, үйді неге бұзып жатырсыңдар? Жағдайды түсініп алсаңдаршы", - дедім. У-шу, әпкем жылап жатыр. Өткендегі бес адам қайтыс болған жағдайды білесіздер, сондай жағдай болмасын деп "жігіттер, қойыңдар! Мәселе ушығып кетпесін", - дедім".

Оның айтуынша, "арызды қайтар" деген әңгіме болған жоқ, ол - өтірік. Сондай-ақ, үй иесі - Жанқош Тұраровтың әпкесі.

"Үй иесі - туысқан әпкем. Қарсы шағымым жоқ. "Арызды қайтарыңдар" деген әңгіме айтылған жоқ.  Бұзып жатқан жігіттерге бар айтқаным "мына жерді босатыңдар" деген сөз болды. Олар бәрін бұзып тастаған. Бірақ қорқытып-үркіткен жоқпын", - деді Жанқош Тұраров.

Нысанды бұзу тоқтатылып, отбасын үйден шығармаған. Үйге қатысты мәселе көршілердің арасында болған дау-дамайдан пайда болған.

View this post on Instagram

Публикация от @aibat__kz

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети