Жантүршігерлік жол апатынан аман қалған қарағандылық оқиғасын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жантүршігерлік жол апатынан аман қалған қарағандылық оқиғасын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жол апаты 18 мамырда Қарағанды-Астана тасжолында, Теміртаудан шығаберіс тұстағы Гагарино ауылының маңында болған. Зардап шеккен қарағандылықтың мәліметінше, жол-көлік оқиғасы таңғы 5:25-те болған. Екі көлік соғысып қалған, салдарынан екі адам әлі де комада жатыр.
Қарағандылық Вадим Барташевич жол-көлік оқиғасының мән-жайын Facebook желісінде жазды.
"Барлық досыма тірі екенімді айтқым келеді! Ауруханадамын, таяуда шығаратын шығар. Жол-көлік оқиғасы кезінде тізгінде мен болған жоқпын, Volkswagen Vento таксиі болды. Ания деген жолаушы қыз бен жүргізуші Айдос әлі де комада жатыр. Оларға қарағанда менің жағдайым тәуір. Екеуіне обал болды, қатты уайымдап жатырмын. Бір ауруханада жатырмыз", - деп жазды ол.
Оның мәліметінше, жол апатын Hyundai Accent мінген қыз жасаған.
"Hyundai Accent көлігін жүргізіп келе жатқан қыз жолақтар бойынша қозғалыс бағытын реттеуші белгілерді шатастырып алып, қарсы бағытта екі жағы қоршалған жолмен асқан жылдамдықпен келе жатқан. Жол апаты үлкен жылдамдықта болды. Қою қызыл түсті Hyundai бұрылыста жолдан шығып кетті, біз соққыдан қашу үшін жол жиегіне қарай бұрдық, сол жылдамдықпен келіп, қоршауға соғылып, 180 градусқа айналдық. (...) Дәрігерлер мен полицейлердің айтуынша, мен өліп кетуім мүмкін еді. Енді жүргізуші мен жолаушы қыз аман қалса екен!", - деп жазды ер адам.
Фото Facebook.com/Вадим Барташевич.
Жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.