"Жарнама бағанын соққан". Павлодарда автобус жол апатына ұшырап, 4 адам зардап шекті

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Жарнама бағанын соққан". Павлодарда автобус жол апатына ұшырап, 4 адам зардап шекті Видеодан алынған

Павлодарда автобус жол апатына ұшырап, төрт адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда автобус жол апатына ұшырап, төрт адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Павлодарда жолаушылар автобусының жүргізушісі тізгінге ие бола алмай жол шетіндегі жарнама бағанына соқтығысқан. Нәтижесінде төрт адам, оның ішінде екі бала ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнында полиция жұмыс істеп жатыр.

Оқиға болған сәтте зардап шеккеннің бәрі автобус ішінде болған. Оқиға 14 мамырда сағат 07.43-те Павлодар қаласындағы көше қиылыстарының бірінде болған.

"Торайғыров және Бектұров көшелері қиылысында № 38 автобустың 44 жастағы жүргізушісі көлікті басқара алмай, жол белгісі мен жарнама бағанына соқтығысты. ЖКО салдарынан екі бала, сондай-ақ екі ересек адам ауруханаға жатқызылды",-деді Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

Медициналық сараптама арқылы жүргізушінің оқиға болған сәтте сау болғаны анықталған.

"Дерек тіркеліп, тексеру жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалды. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр", - деді облыстық ПД баспасөз қызметі өкілдері.

Апат кезінде автобуста қанша адам болғаны әлі белгісіз. Полиция қызметкерлері келгенде салонда жолаушылар болмаған.

Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасы мәліметі бойынша, оқиға орнына үш жедел жәрдем бригадасы барған. Қазір зардап шеккендердің жағдайы анықталып жатыр. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Алматыда қоймадан өрт шықты
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети