Жартасты соқпақтағы жарық: Ақтауда тастардың құлау қаупі талқыланып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Ақтауда жергілікті тұрғын Альберт Кәрімов Жартасты соқпақ учаскесінің опырылуы туралы мәселені көтерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтауда жергілікті тұрғын Альберт Кәрімов Жартасты соқпақ учаскесінің опырылуы туралы мәселені көтерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Жартастағы жарықты Ақтау тұрғыны Альберт Кәрімов видео арқылы көрсетті.

"Жаңбырдан кейін тас құлап кетуі мүмкін. Қирау себебі – жергілікті ескерткіштің үстінде жүргізіліп жатқан құрылыс," – деп түсіндірді видео авторы.

Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінде бұл аумақта қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қоршау орнатылғанын хабарлады. Қазіргі уақытта жағдайды анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"Жақын арада Жартасты соқпақ аумағын күтіп-ұстау жұмыстарын жүргізетін мердігерді анықтау үшін конкурс өткізу жоспарланып отыр," – деп сендірді әкімшілік қызметкерлері.

Еске салсақ, бір жыл бұрын Ақтауда Жартасты соқпақта тас құлап түскен болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети