Жарық пен камераны өшіріп, малды айдап әкеткен: Шымкентте ірі ұрлық әшкере болды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жарық пен камераны өшіріп, малды айдап әкеткен: Шымкентте ірі ұрлық әшкере болды Фото: polisia.kz

Шымкенте полиция ірі мал ұрлығын әшкереледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.


Шымкенте полиция ірі мал ұрлығын әшкереледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жедел іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері ұрланған ірі қара және ұсақ малды анықтап, заңды иесіне қайтарды. Қылмысқа шаруашылықтың екі жұмысшысының қатысы бар екені белгілі болды.

Полицияға жергілікті тұрғын шаруашылық нысанынан малдың жоғалғаны жөнінде арызбен жүгінген.

"Келтірілген материалдық шығын көлемі 25 миллион теңге болады. Тергеу барысында күдіктілердің малды кедергісіз тасымалдау үшін бірнеше рет электр қуатын және бейнебақылау камераларын әдейі өшіріп отырғаны анықталды", - делінген хабарламада.

Аталған дерек бойынша қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 490.69  course down  562.33  course down  6.11  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети