24 сәуір 2014 | 13:02

Жарылған смартфон туралы деректі өндіруші компания тексереді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жарылған смартфон. ©Newtimes.kz Жарылған смартфон. ©Newtimes.kz

Астанада оқушының қалтасында смартфонның жарылуы туралы деректі өндіруші компания тексеретін болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Астанада оқушының қалтасында смартфонның жарылуы туралы деректі өндіруші компания тексеретін болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Мамандар бұл оқиға туралы хабардар болды. Біз оқиғаға себеп болған өнімді алғаннан кейін тез арада тексеру жүргізуді бастаймыз, содан кейін оның нәтижесі туралы бірден хабарлаймыз. Біз өз тұтынушыларымыздың қауіпсіздігіне аса салмақты қараймыз", - дейді Samsung Kazakhstan өкілдері. Компания зардап шеккен оқушының ата-анасымен байланыс жасап отыратын болады.

Өндіруші өз тұтынушыларына ұялы құрылғыларды пайдаланған кезде қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін ескертеді. "Өкінішке қарай, мұндай оқиға бірінші рет болып отырған жоқ. Осындай жағдайлардың көбіне тұтынушылардың қауіпсіздік ережелерін білмеуі және сертификатталмаған қосалқы бөлшектерді, соның ішінде аккумулятор батареясын қолдануы себеп болып жатады", - дейді компания өкілдері. 

Еске салайық, бұл оқиға 21 сәуір күні болған, қыз бала аулада ойнап жүрген кезде қалтасындағы Samsung Galaxy S2 смартфоны атылып, шалбары тұтана бастаған. Бірінші сынып оқушысының денесін үшінші дәрежелі күйік шалды. Ата-анасының айтуынша, телефон Астанадағы дүкендердің бірінен сатып алынған. Зардап шегушілердің шағымынан соң өндіруші компания қызды өз қаржысына емдетуге уәде берді.

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети