17 жастағы жасөспірім анасымен бірге өгей әкесін қорғауға шығып, төбелес салдарынан бес полицей зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлердің мәліметі бойынша, ер адам ішіп алып, достарымен сөйлесуге аулаға шыққан. Оларда ауладағы орындықта ішімдік ішіп отырған. Учаскелік полицей оларға ескерту жасаған. Ал ер адам болса оны балағаттап, бетінен ұрып жіберген. Осыдан кейін полицей көмек шақырады.
Көршілер болып жатқан жайды ер адамның әйеліне хабарлайды.
"Әйел де мас күйінде жүгіріп шығып, полицейлерге тап береді. Анасының артынан баласы да жүгіріп шығады"
Жанжал кезінде бес полицей зардап шекті.
Қарағанды облысының мамандырылған ауданарлық кәмелетке толмағандардың ісі бойынша сотында осы үш адамның ісі қаралды. Олар ҚР ҚК-нің 378-бабының 1-тарауы, 380-бабының 1-тарауы бойынша айыпты деп танылды.
Барлық айыпталуы өз кінәләрін мойындады. Осылайша 17 жастағы жасөспірім 1 жылға бас бостандығынан айырылды.