18 қараша 2014 | 21:16

Жасөспірімнің таяқ жегені түсірілген видео жария болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©kakprosto.ru ©kakprosto.ru

Интернетте Павлодар облысында жасөспірімнің қан-жоса етіп сабалғаны түсірілген видео пайда болды, - деп хабарлайды СТВ.


Иконка комментария блок соц сети

Интернетте Павлодар облысында жасөспірімнің қан-жоса етіп сабалғаны түсірілген видео пайда болды, - деп хабарлайды СТВ.

Төтенше оқиға Железинка ауылында болды. Жергілікті аграрлық-техникалық колледждің студенттері өз өтініштерінен бас тартқан курстасын ұрып-соққан. Таяқ жеген жасөспірімнің анасы баласының миы шайқалғанын айтты. Бірақ полицияға арызданудан бас тартып отыр. Тұрғындардың айтуынша, әйелді әлдекімдер қорқытқан. Олар өңір басшысының блог-платформасына хат жазып, болған оқиғаға байланысты көмек сұрады. 

Дегенмен телеарнаның мәліметінше, жасөспірім оқыған колледж ұжымы бұл оқиғаға мән бермей отыр. "Бұл - ер балалар арасындағы әдеттегі төбелес. Олар өзара төбелесіп, басылды. Зардап шегуші тарапынан ешқандай кінә артылған жоқ", - деді колледж директорының оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары.

Полицейлер болса, бұл оқиға бойынша іс қозғалмайтынын хабарлады: "Бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғаудан бас тартылды, себебі жасөспірім қылмыстық жауапкершілік қарастырылатын жасқа жетпеген". Роликтегі "кейіпкер" қиын жасөспірім ретінде полицияның есебіне алынған. Оның жалғыз ғана әжесі бар. Қазір оны балалар үйіне ауыстыру мәселесі қаралып жатыр.  

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети