29 шілдеде жазушы Аягүл Мантай қайтыс болды. Оның өлімі туралы ақпаратты Түркістан облыстық полиция департаменті растады. Жазушының өліміне қатысты "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" дерегі бойынша іс қозғалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Дерек Жетісай АПБ полицейлерімен ҚР ҚК-нің 105-бабы "Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу" бойынша тіркеліп, соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полицейлер қажетті шаралар қабылдады. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның толық мән-жайы тергеу барысында анықталады", - делінген полиция хабарламасында.
Желіде Аягүл Мантайдың таныстары мен әріптестері "әлеуметтік желілерде қызға қысым жасалды" деп жазып жатыр.
Аягүл Мантай Түркістан облысы Мақтарал ауданы Байқоныс ауылында дүниеге келген. Ресей халықтар достығы университетінде (РХДУ) оқыған. 2009 жылы "Жалын" баспасына "Дождливая весна" атты әңгімелер жинағы шыққан. Сондай-ақ, Аягүл "Возвращение к сердцу" кітабын шығарды. 2010 жылы ол "Әдебиет" санатындағы президенттік стипендияға ие болды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!