Жедел жәрдем жете алмады: Қостанай облысында әйел инсульт пен коронавирустан қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жедел жәрдем жете алмады: Қостанай облысында әйел инсульт пен коронавирустан қайтыс болды Фото: kstnews.kz

Қостанай облысында қалың қардан жедел жәрдем жете алмаған әйел қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай облысында қалың қардан жедел жәрдем жете алмаған әйел қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қайғылы оқиғаның мән-жайын "Қостанай жаңалықтары" тілшілері айтып берді. Жедел жәрдем қар құрсауында қалған жолмен жүре алмай, ауылға кірместен тасжолда тоқтаған. 1991 жылғы әйелді жол талғамайтын көлік көмегімен құтқарушылар жедел жәрдемге жеткізген.

"Әйел ауыр жағдайда болды. Оған алғашқы көмек көрсетілді. Ол тасжолда күтіп тұрған жедел жәрдем көлігіне зембілмен жеткізілді", - делінген ТЖД хабарламасында.

Жедел жәрдем әйелді облыстық ауруханаға жеткізді. Сол жерде ол қайтыс болды. Оған инсульт және коронавирус жұқтыру диагнозы қойылған. Қостанай облысы Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі жедел жәрдем шақырған сәттен бастап, науқасты көлікке жеткізген сәтке дейін 84 минут өткенін хабарлады. Құтқарушылар мәліметіне сүйенсек, сағат 10.25-те олар Рысбайға келіп, 10.53-те науқасты жедел жәрдем бригадасына тапсырған.

Жергілікті тұрғындар жолдар уақытылы тазаланса, науқасқа тезірек көмек көрсетуге болатын еді деп санайды.

"Кеше түнде жауған қардан жол жабылып қалды. Соның алдында ғана кешкісін жол тазаланған еді", - деп мәлімдеді Қостанай ауданы Заречный ауылдық округ әкімі Нұрғиса Исмағамбетов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети