20 қыркүйек 2018 22:45

Жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан Түркия азаматы кепілақымен босатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан Түркияның 28 жастағы азаматы кепілақымен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан Түркияның 28 жастағы азаматы кепілақымен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Күдікті ұсталып, алдын ала тергеу шаралары жүргізілгеннен кейін ҚР Қылмыстық процессуалдық кодексінің 128-бабы бойынша Алматы қалалық ІІД уақытша қамау изоляторына жабылған. Бүгін ол сотқа дейінгі тергеу шарасы жүргізіліп жатқан уақытта Алмалы аудандық прокуратурасына бұлтартпау шарасы шығарылуы үшін жеткізілді. Тергеуші прокурордың алдында күдіктіні қамауға алу туралы арыз берген еді. Алайда, аудандық прокурор тергеушінің арызын қанағандырған жоқ, сол себепті ол күдіктіге кепілақымен босатылу туралы бұлтартпау шарасы кесілді", - деді Алматы қалалық ІІД тергеу басқармасының басшысы Рустам Абдрахманов. 

Полициядағылар, қазіргі уақытта Алматы ІІД тергеу басқармасы аудандық прокурордың шешімін өзгерту туралы қалалық прокуратураға шағым түсірмекші екендерін мәлімдеді. 

Оның айтуынша, полиция шақырғанда шабуыл жасаған ер адам оқиға орнынан кетіп қалған. Еске сала кетейік, мұның алдында Алматыда ер адамның жедел жәрдем жүргізушісін ұрып-соққаны жайлы хабарланған еді. Полиция өкілдері ер адамның ұсталғанын және жауапкершілікке тартылатынын айтқан болатын.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети