ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілдері "Жексенбіде балалар жаппай суицид жасайды" деген қауесетті жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде КИТ тобының жаппай өз-өзіне қол салатыны туралы мәлімет тарап жатыр.

"Құрметті ата-аналар, бүгін мектепке полициядан хабар келді. Онда осы жексенбіде КИТ тобының (500 адам) жаппай суицид жасайтыны туралы хабарды ата-аналарға жеткізген. Осы жексенбіде балаларды - ЕШҚАЙДА - тіпті үйдің кіреберісіне, дүкенге, достарына тағы сол сияқты алшақ жерге жіберуге болмайды. Полиция сенбі мен жексенбіде балалардың ата-ананың мұқият бақылауында болуын сұрап отыр, көптеген қалаларда балалар жаппай суицид жасағалы жатыр! Барлық ата-анаға ескерту керек! Осы жазбаны бөлісіңіздер!", - делінген мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде таралған хабарламада.
ІІМ өкілдері полицейлердің мұндай хабарлама таратпағанын айтып отыр.
"Біз бұл мәліметті растамаймыз. Ішкі істер органдары азаматтардан мәліметті тек ресми байланыс көздерінен алуға кеңес береді", - деді ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев.
Ол жалған ақпарат таратудың қылмыстық жауапкершілігі бар екенін ескертті.