Желі қолданушыларын Талдықорғандағы медициа колледжінің дәретханасы таңғалдырды

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желі қолданушыларын Талдықорғандағы медициа колледжінің дәретханасы таңғалдырды © instagram/angry_taldyk

Әлеуметтік желілерде Талдықорған медицина колледжінің дәретханасында түсірілген суреттер тарап жатыр. Кадрлардан дәретханадағы унитаздар арасында жауып тұратын қабырғалар жоғы көрінеді. Бұл қала тұрғындары наразылығын тудырған - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Балалардың білімін жақсарту үшін көп қаржы бөлінеді. Жуынатын бөлмелерді жөндеу және басқа да құрылыс жұмыстары үшін пайдаланылуы керек қаржының қайда жұмсалатыны белгісіз. Бұл масқара, дәретхананы қалай бұлай салуға болады? Сөзім жоқ", - деп жазған Желідегілер.

Медициналық колледж мәселесін қоғам белсендісі Сандуғаш Дүйсенова айтқан. Ол дәретхана суреттері жарияланғаннан кейін студенттердің хабарламаларын көрсеткен. Онда осында оқитындардан жазбаға жағымды пікірлер жазу сұралған.

Колледж әкімшілігі бұл оқиғаға қатысты әлі пікір білдірмеген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети