1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Желіде Алматы дүкендерінің бірінде болған жанжалдың видеосы тарады 17 сәуір 2021, 16:24

Желіде Алматыда дүкен есігін шағып, жанжал шығарған ер адамның видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Желіде Алматыда дүкен есігін шағып, жанжал шығарған ер адамның видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кадрлар Instagram-дағы kris_p_brothers_official парақшасында жарияланды. Онда оқиға 13 сәуірде сағат 16.00-де Гагарин көшесінде болғаны жазылған.

"Алкоголь немесе есірткіге мас ер адам дүкенге кіріп, айғайлап, витриналарды ұра бастады. Мен оны видеоға түсіре бастағанда, шабуыл жасады. Дүкенге зиян келтірді. Кіретін есікті шақты, барлық сатып алушыны қорқытып жіберді. 102 шақырдық. Патруль келіп, оны алып кетті, біз жігітке арыз жаздық. Ал 14 сәуірде таңертең 1414 нөмірінен іс қараусыз қалғаны туралы хабарлама келді. Бұл біздің құқық қорғау органдары істі көме салды деген сөз. Шығынды ешкім өтемейді", - делінген хабарламада.

Алматы полиция департаменті өкілдері бұл факт Алмалы аудандық бөлімшесінде тіркелгенін хабарлады. 19 сәуірде іс сотқа беріледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!