Желіде Алматыда болған ірі өрттің видеосы пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде Алматыда болған ірі өрттің видеосы пайда болды

Желіде Алматыдағы қоймада болған ірі өрт салдары түскен видео пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде Алматыдағы қоймада болған ірі өрт салдары түскен видео пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кадрларда - өрт пен құтқарушылардың жұмысын, сондай-ақ ТЖ салдарын көруге болады. Өртсөндірушілер қара түтіннің арасында үш сағат тілсіз жаумен күресті, авиация тартылды. 1600 шаршы метр алаңда мототехника - мотоциклдер, скутер, олардың жиынтықтары, сондай-ақ макулатура өртенді.

Өрт 29 мамырда сағат 17.11-де сөндірілді. Видеода оның салдары - жанып кеткен мотоциклдер және басқа да мототехника, бүлінген бөлшектер мен металл құрылымдары байқалады. 

"Өртті сөндіруге жеке құрамнан 100 адам, 24 дана техника, 6 көлік, 1 "Қазавиақұтқарудың" Ми-171 тікұшағы, 1 ССА Ми-8АМТ тікұшағы жұмылды.​ Жалпы көлемі 39 тонна 13 рет су төгілді", - деп хабарлады ТЖД өкілі.

"Қабылданған жедел шаралардың нәтижесінде, көрші қоймаға өрттің таралуына жол бермедік. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ", - деп қосты ТЖД өкілі.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады

Валюта бағамы

 518.81  course up  609.28  course up  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети