Желіде Алматыдағы балабақшада тәрбиешінің баланы азаптаған видеосы пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде Алматыдағы балабақшада тәрбиешінің баланы азаптаған видеосы пайда болды Видео кадры

Желіде Алматыдағы балабақшаның бірінде тәрбиелеушінің баланы азаптаған видеосы пайда болды. Енді мекемеде тексеріс жүргізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде Алматыдағы балабақшаның бірінде тәрбиелеушінің баланы азаптаған видеосы пайда болды. Енді мекемеде тексеріс жүргізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео Telegram-да жарияланған. Видео кадрында балалар орындықта отыр. Ал қарама-қарсы бетте тәрбиеші тұрған көрінеді. Ол кішкентай баланы құлағынан ұстап, есік жаққа алып кетеді. Сөйтіп тағы бір баланы қолына алады. Ол баланы да құлағынан ұстап басқа бөлмеге алып кетеді. Бала қарсы әрекет етемін деп құлап түседі.  

Видеода ата-ана мен кешірім сұрап тұрған тәрбиешінің әңгімесі естіліп қалған. 

Бұл бейнеге Алматының Білім басқармаса түсінік берді. Мекеме мәліметінше, оқиға Клочков көшесінде орналасқан № 7 ясли-балабақшасында болған. 

"Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Егер дерек дәлелденсе, жауапты қызметкерлер, оның ішінде, меңгерушіден бастап заңға сәйкес жазаланатын болады", - дейді Білім басқармасының қызметкерлі Қуандық Ешімет. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети