Әлеуметтік желілерде видео жарияланды, оның авторы полиция қызметкерлері өзін әскерге мәжбүрлі түрде жіберуге тырысып, сырт киімін жыртып тастағанын айтады. Қарағанды облысының баспасөз қызметі болған жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әлеуметтік желілерде видео жарияланды, оның авторы полиция қызметкерлері өзін әскерге мәжбүрлі түрде жіберуге тырысып, сырт киімін жыртып тастағанын айтады. Қарағанды облысының баспасөз қызметі болған жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Видеода полиция қызметкерлері мен азаматтық киімдегі ер адам байқалады. Жазба авторы олар Қарағандыдағы сауда орталықтарының бірінде өзіне жақындағанын, құжаттарын көрсетуді сұрағанын, содан кейін күштеп әскерге алып кетуге тырысқанын мәлімдеді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сонымен бірге, видео авторының айтуынша, олар күш қолданып, сауда орталығынан шығарып, сырт киімін жыртып тастаған. Жігіт не болып жатқанын видеоға түсіріп, прокуратурамен қорқытқаннан кейін, полиция қызметкерлері шегініп, кетіп қалған. Видео авторы өзінің отбасылық жағдайларына байланысты әскерде қызмет етуді кейінге қалдырғанын айтты.
Видеоға Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі түсінік берді. Ведомство қызметкерлері видео авторына қатысты заңсыз әрекеттерге жол берілмегенін айтты.
"Биыл 22 қарашадан бастап Қазыбек би аудандық қорғаныс бөлімінің әскери қызметкерлері халық көп шоғырланған жерлерде учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп, әскери қызметтен жалтарып жүрген азаматтарды анықтау шараларын жүргізіп жатыр. Шара барысында әскерге шақырылған азамат анықталды. Олар профилактикалық әңгіме жүргізуге тырысты, бірақ ол агрессия көрсетіп, полиция қызметкерлерін арандатты. Оның күртесін ешкім жыртып тастаған жоқ. Оған қатысты ешқандай заңсыз әрекеттер жасалмады", - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, ведомствода биыл қыркүйек-желтоқсан айларында 1994-2003 жылдары туған азаматтарды ҚР ҚК мерзімді қызметіне шақыру басталғанын атап өтті. Әскерге шақырылатын жастағылар әскери қызметтен қашқақтайды.
"Қарағанды қаласының Қазыбек би ауданы бойынша полиция басқармасына 1200 әскерге шақырылған азаматқа іздеуге тізім жіберілді", - деп атап өтті ведомствода.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!