05 қаңтар 2020 12:57

Желіде әткеншектен құлаған адамның видеосы жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Желі қолданушылары адамның әткеншектен оңбай құлаған видеосын таратып жатыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 


Желі қолданушылары адамның әткеншектен оңбай құлаған видеосын таратып жатыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

Видеода, әткеншекке отырған жігіт не жасөспіімнің секіргелі тұрғаны түсірілген. Нұсқаушыға ұқсас ер адам оны ұстап тұрады. Кадрдан тыс жерде тұрған адам әткеншекте отырған балаға басын көтеруге кеңес берген, алайда басқалар олай істемеуге шақырады. Осыдан кейін әткеншек іске қосылады, алайда ондағы адам жерге құлайды. Видеодан сақтандыру белбеуі дұрыс бекітілмегенін байқауға болады. 

Видео сипаттамасында оқиғаның Алматы қаласындағы Көк-Төбеде болғаны айтылады. Айта кетейік, бұл саябақта расымен осындай әткеншек бар. Сонымен қатар, осыған дейін, 13 жастағы жасөспірім батуттан құлағаны туралы айтылған еді. Полиция мәліметінше, баланың өзі абайсызда құлағаны және баланың ата-анасы қарсылық білдірмегенін айтқан.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети