16 маусым 2020 09:32

Желіде әйелін ұрып-соққан ер адамның видеосы тарады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© akipress.org © akipress.org

Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстандағы әлеуметтік желілерде ер адам өз әйелін ұрып-соғып жатқаны түсірілген видео тарады, - деп хабарлайды АКИpress.


Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстандағы әлеуметтік желілерде ер адам өз әйелін ұрып-соғып жатқаны түсірілген видео тарады, - деп хабарлайды АКИpress.

Видео кадрларынан әйелдің қарсылық көрсетіп жатқаны, алайда ер адамның оған қарамастан басқа әйелге мұны видеоға түсіруін талап еткені көрінеді.

Бұл оқиғаның Қырғызстанның Жалал-Абад облысы Созақ ауданындағы ауылдардың бірінде болғаны анықталды. Биліктегілер осы жағдайды бақылауға алып, ер адамды уақытша ұстау изоляторына қамаған. Ал әйелі полицияға арыз қалдырыпты.

Ескерту! Зорлық-зомбылық сипаты бар видео!

Kaktus.media мәліметінше, Қырғызстанда қолданушылар ер адамның әрекетіне наразыдық білдіріп жатыр.

Кейінірек әйелдің арызын қайтарып алғаны белгілі болды. Ол полициядан отбасына араласпауын сұраған екен.

Алайда тергеу органдары бұл істі соңына дейін зерттемек, арыз болмаса да, видео арқылы тергеу жүргізіледі дейді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети