Желіде Балқаш мектептеріне “шабуыл жасалатыны“ туралы хабарламалар тарады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде Балқаш мектептеріне “шабуыл жасалатыны“ туралы хабарламалар тарады lada.kz

Әлеуметтік желілер мен Telegram арналарда "Балқаш қаласындағы мектептерге жарылғыш заттар қойылған" деген жалған ақпарат тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Әлеуметтік желілер мен Telegram арналарда "Балқаш қаласындағы мектептерге жарылғыш заттар қойылған" деген жалған ақпарат тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өңірлік Полиция департаменті мәліметінше, бұл ақпарат шындыққа жанаспайды.

"Жалған мәлімет тарату дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері білім беру мекемелерін тексерді, ешқандай жарылғыш зат табылған жоқ. Қазір жалған ақпарат таратқан адамдарды анықтау және ұстау үшін ауқымды тергеу жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Полиция Балқаш қаласының тұрғындары мен қонақтарын сабыр сақтауға, арандатуға ермеуге және тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 482.33   552.93   5.68 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети