Желіде Қуандық Бишімбаевтың "ұсталғаннан кейінгі" суреті пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде Қуандық Бишімбаевтың "ұсталғаннан кейінгі" суреті пайда болды Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Әлеуметтік желіде бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев "ұсталғаннан кейін" түсірілгені айтылған сурет тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желіде бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев "ұсталғаннан кейін" түсірілгені айтылған сурет тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Суретте экс-шенеунікті полиция қызметкерлері қоршап тұрғаны көрінеді. Қолданушылар сурет Астанада 9 қарашада – Бишімбаевты елордалық мейрамханалардың бірінде полиция ұстағаннан кейін түсірілген деп болжаған.

Еске салайық, 9 қарашада экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ұсталғаны белгілі болды. Астанадағы мейрамханалардың бірінде келушілер арасында жанжал шығып, салдарынан бір әйел алған жарақатынан көз жұмған. Болжам бойынша, әңгіме экс-министрдің әйелі туралы. Бишімбаевтың ұсталғаны туралы хабарламамен қатар Астана полициясы ер адамның ұсталғаны туралы пікір білдірді. Бірақ оның аты-жөнін нақтыламады.

Сондай-ақ, сағат 19:54-те астаналық жедел медициналық қызмет көрсету станциясы пультіне қоңырау түскен. Жедел жәрдем бригадасы жеткенде 1992 жылы туған әйелдің қаза болғаны расталды. Кейін марқұмның 31 жастағы Салтанат Нүкенова екені белгілі болды. Ол - Қуандық Бишімбаевтың әйелі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети