Желіде "мемқызметкерлер" төбелесінің видеосы тарап жатыр

viewings icon 5618 comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
видеодан үзінді видеодан үзінді

Әлеуметтік желіде Ақтөбе мейрамханаларының бірінде болған төбелестің видеосы тарап жатыр. Сол күні жаңажылдық корпоративте төбелескендер - мемлекеттік қызметкерлер делінген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Әлеуметтік желіде Ақтөбе мейрамханаларының бірінде болған төбелестің видеосы тарап жатыр. Сол күні жаңажылдық корпоративте төбелескендер - мемлекеттік қызметкерлер делінген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Видео авторы төбелестің Ақтөбе мейрамханаларының бірінде болғанын айтады. Онда ер адамның біреумен жанжалдасқаны, кейін жұдырық ала жүгіргені түсірілген. Олардың біріне жұдырықтап, тепкінің астына алған. Он шақты адам осы жағдайдың куәгері болған, олардың арасында әйелдер де бар. 

Ақтөбе облыстық полицейлер, оқиғаның желтоқсанның 25-нен 26-на қараған түні болғанын айтады. 

"Төбелескендер мемлекеттік қызметке еш қатысы жоқ. Жеке дүкеннің қызметкерлері мен бір компанияның мамандары арасында төбелес шыққан. Сотқа дейінгі тергеу шаралары "Бұзақылық" бабы бойынша жүргізіліп жатыр", - деді ПД өкілдері. 

Осыған ұқсас жағдай Алматы облысында болды. Қазнет қолданушылары видеоны талқылап, Жаңа жыл қарсаңында мейрамханада тойлаған шенеуніктер төбелесті дегенді жазған еді. Шынымен де төбелескендердің арасында Алматы облысы Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары болғаны белгілі болды. Өңірлік әкімдік баспасөз қызметінің өкілдері мұның корпоратив еместігін айтты. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы
30°C Қазір алабұлтты, жағымды ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro