ЖЭО-2-дегі төтенше жағдай: зардап шеккен қызметкер қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

ЖЭО-2-дегі төтенше жағдай: зардап шеккен қызметкер қайтыс болды Фото: ob-zor.ru

Теміртаудағы ЖЭО-2-де жанармай буларын жағу кезінде жарақат алған "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының 50 жастағы қызметкері қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Теміртаудағы ЖЭО-2-де жанармай буларын жағу кезінде жарақат алған "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының 50 жастағы қызметкері қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ауруханаға түскен ер адам денесінің 95 пайызын күйік шалған. Дәрігерлер оны құтқаруға тырысты. Дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан, науқас қайтыс болды", - деп хабарлады Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, 11 наурызда Теміртаудағы ЖЭО-2-де жанар-жағармай материалдары тұтанып, екі адам зардап шекені хабарланған еді. Екінші ер адамның денесін жеңіл күйік шалған.

Бұған дейін еңбек комиссиясы арнайы тексеріс аяқталғаннан кейін жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себебі анықталатынын хабарлаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 482.33   552.93   5.68 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети