14 қараша 2014 | 10:50

Жер сілкінісінің афтершоктары Алматы маңында әлі бірнеше аптаға созылуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Алматы маңында жер сілкінісінің афтершоктары әлі бірнеше апта бойы байқалуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы төтенше жағдайлар департаментінде өткен брифингте бұл туралы Сейсмология институтының директоры Таңатқан Абақанов айтты. Алматыда қуаты 3-4 балға тең жер сілкінісі 14 қараша күні Астана уақыты бойынша 07.24-те болды.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы маңында жер сілкінісінің афтершоктары әлі бірнеше апта бойы байқалуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы төтенше жағдайлар департаментінде өткен брифингте бұл туралы Сейсмология институтының директоры Таңатқан Абақанов айтты. Алматыда қуаты 3-4 балға тең жер сілкінісі 14 қараша күні Астана уақыты бойынша 07.24-те болды.

Жалғасы

Сейсмологтың айтуынша, жер сілкінісінен соң жер қыртысы қалыпты жағдайға келеді, бұл афтершоктардың туындауына әкеліп соғады. Әдетте ол алғашқы жерасты дүмпулеріне қарағанда, әлсіздеу болады, бірақ бірнеше апта бойына жалғасуы мүмкін. Тұтас алғанда, институттың болжамы бойынша, Қазақстанда жылдың соңына дейін магнитудасы 6-дан асатын жойқын жер сілкінісі болмайды. 

Алматы қалалық ТЖД бастығының орынбасары Нұрлан Мәдияров қаланың шұғыл қызметтері тіршілік көздері нысандарына, плотиналар мен басқа да су шаруашылықтарына мониторинг жүргізіп жатқанын хабарлады. Аталған нысандардың бәрі штат режимінде жұмыс істеп жатыр. Қалалық ТЖД SMS-хабарламалардың және телехабарлардың көмегімен құлақтандыру жүйесін іске қосты. Құтқарушылар халыққа болған жер сілкінісі мен қаладағы қазіргі ахуал жайлы ақпарат беріп жатыр.

Еске сала кетейік, бүгін Астана уақыты бойынша сағат 07.24-те Алматыдан 130 шақырымда - Қырғызстан аумағында 5,6 магнитудалы жер сілкінісі болды. Еуропа - Жерорта теңізі сейсмология орталығының мәліметінше, оның эпицентрі Қырғызстан аумағында - Шолпан Ата қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 40 шақырымда анықталды. Тереңдігі - 47 шақырым. Ал ҚР БҒМ Ғылым комитеті Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясының сайты Алматыдан оңтүстікке қарай 130 шақырымда 6,0 магнитудалы жер сілкінісі болды деп хабарлады. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.51   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети