06 ақпан 2017 | 16:07

Жезқазған тұрғыны полицейлерден соққы көргенін мәлімдеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

29 жастағы Дамир Махмутов 27 қаңтарда Жезқазғандағы кафелердің бірінде соққыға жығылған. Оның маңдай сүйегі сынған, бет жүйкесіне зақым келген және беті мен басында қанды ісік пайда болған. Зардап шеккен азаматтың туыстарының айтуынша, алған жарақатынан Дамирдің оң жақ беті сал болып қалған, ол есту қабілетінін ішінара айырылуы мүмкін екен. Зардап шеккен ер адам мен оның туыстары сол күні кафеде арнайы операция жүргізген жылдам қимылдайтын арнайы жасақты айыптап отыр. Облыстық ІІД өкілдері болса осы дерек бойынша қызметтік тексеріс жүргізіліп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Иконка комментария блок соц сети

Оқиға 27 қаңтарда болған. Сол күні ол кафелердің бірінде достарымен бірге отырған. Кенет көңіл көтеру мекемесіне жылдам қимылдайтын арнайы жасақ кіріп келген. Дамирдің жұбайының айтуынша, әскерилер кафе қонақтарына құрметсіздік көрсеткен, ал күйеуін тіпті ұрып-соққан. 

"ЖҚАЖ қызметкерлері менің күйеуімді ұрып-соқты. Олар оның маңдайынан ауыр затпен ұрып, талдырып тастады. Қан-жоса болған жерінде бірақ оянды. Кейін дәрігерлер маңдай сүйегінің сынғанын, оң жақ бет жүйкесіне зақым келгенін анықтады. Салдарынан күйеуімнің оң жақ беті сал болып қалды. Дәрігерлер күйеуімнің оң құлағының дабыл жарғағы тесілгенін айтты. Енді ол саңырау болып қалуы мүмкін. Сонымен қатар, бассүйек ішіндегі гематома анықталды. Ісігі басылмаса, ота жасату керек. Ол жұмыс істей алмай қалды, балаларымыз бар. Сондықтан полицияға хабарластық", - деді жәбірленушінің әйелі Айжан Ағыбаева.

Оның айтуынша, жасақтың заңсыз әрекетіне дәлел де бар екен. Кафе иесінің айғағы - бұл жағдайды баяндаған оның әңгімесі видеоға түсірілген. Алайда кәсіпкер кейінірек өз сөзінен бас тартыпты. Енді жәбірленушінің туыстары бұл видеоны арызына қосып, анықтау органдарынан көмек сұрайды. 

"Кафе иесі ЖҚАЖ қызметкерлерінің нағыз бүлік жасағанын айтты. Ешкімді де аямаған. Айтуынша, олар бірінші болып кәуап пісіретін адамды ұрыпты. Кафе персоналы да, қонақтар да зардап шеккен. Мұның барлығын ол камера алдында баяндады. Кейін өз сөзінен бас тартып шықты. Соған қарағанда, оны қорқытып тастаған! Біз әділдік орнағанын қалаймыз! Бұлай жалғаса берсе, олар адамдарды сорлатады. Ал күйеуім әлі күнге дейін ауруханада", - деді Ағыбаева.

Ал облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді. Олардың мәліметінше, ЖҚАЖ қызметкерлері төбелескен қонақтар туралы шақырту түскендіктен барған. Қорытындысында кафенің жеті қонағы полиция бөліміне жеткізілген. Ұсталғандардың бірінен жасыл құрамы бар зат табылған. Мамандар бұл заттың не екенін анықтау үстінде.

"Биыл 27 қаңтарда Жезқазған қалалық ІІБ-нің 102 кезекші бөліміне кафелердің біріндегі төбелестің алдын алуға полиция қызметкерлері н шақырту туралы хабар келіп түсті. Нәтижесінде 7 адам ІІБ-ге жеткізілді. Олардың кейбірі қарсылық көрсеткен және полиция қызметкерлеріне бағынбаған. Кафе қонақтарының бірі түсірген арыз бойынша қызметтік тексеріс басталды", - деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Құдияров.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети