Жезқазғанда тұрғыннан есірткі мен қару тәркіленді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жезқазғанда тұрғыннан есірткі мен қару тәркіленді @POLICE_of_KZ

Жезқазған тұрғынынан 6 келіге жуық марихуана тәркіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жезқазған тұрғынынан 6 келіге жуық марихуана тәркіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Құқықтық тәртіп" жедел профилактикалық іс-шарасы аясында Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Жезқазғанның 30 жастағы тұрғынын ұстады.

"Күдіктінің үйін тінту кезінде, ол тұратын жерде шамамен 6 келі кептірілген марихуана тәркіленді. Сонымен қатар, тіркелмеген тегіс ұңғылы атыс қаруы, оған бес оқ, кастет тәркіленді", - делінген хабарламада.

Күдікті уақытшы ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК-нің 287, 297-баптары бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети