Жамбыл облысында тұрмыстағы әйелді алып қашқан жігіт жеті жылға сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жамбыл облысында тұрмыстағы әйелді алып қашқан жігіт жеті жылға сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оқиға 2016 жылдың 8 қарашасында Тараз қаласында болған. Кешкі 17:00 шамасында бір топ жігіт қызды қарсыласқанына қарамастан, көлікке отырғызып, Тұрар Рысқұлов ауданына алып кеткен. Ондағы мақсаттары достарын үйлендіру болған.
"Жылағанына қарамаған, оның үстіне ол тұрмыста болған. Мұны айтқанымен, оған сенбеген. Ақыры әйелдің арызы бойынша жігіттерге қатысты ҚР ҚК-нің 125-бабының 2-тарауы бойынша материалдар СДТБТ-ға тіркеліп, басты ұйымдастырушы жеті жылға сотталды", - дейді Жамбыл облысы прокуратурасының өкілдері.
Ең қызығы, тергеу барысында анықталғаны: жігіттер негізі басқа қызды алып қашпақ болып, тұрмыстағы әйелді шатасып ұрлаған. Жігіт өзінің қалыңдығының түрін де білмеген болып шықты.
"Өкінішке қарай, Жамбыл облысында алып қашу түсінігі әлі жойылмаған. Оның үстіне бұл қыздың келісімінсіз жасалады. Ал қыз балалар отбасы ұятқа қалады деген түсінікпен сол үйде қалып жатады. Мұндай некелердің болашағы күмәнді. Біреулері уақыт өте ажырасады, ал ажыраспаған қыздардың тұрмысы күң өміріне ұқсап жатады", - дейді облыс прокуроры Ернат Сыбанқұлов.