16 маусым 2016 | 12:35

Жоғалып кеткен әскери қызметкердің денесі Ақмола облысында өзеннен табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© vk.com "Признавашки в Щучинске" © vk.com "Признавашки в Щучинске"

Жоғалып кеткен әскери қызметкердің денесі Ақмола облысындағы өзеннен табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz облыстық ІІД сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Жоғалып кеткен әскери қызметкердің денесі Ақмола облысындағы өзеннен табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz облыстық ІІД сілтеме жасап.

Бүгін таңда Щучинск қаласының тұрғыны полицейлерге оның бақшасы жағындағы Қылшықты өзенінде адам мәйітін тапқанын хабарлады. Оқиға орнына полицейлер барды. "Табылған мәйіт 12 маусымнан бері іздеуде жүрген 1992 жылы дүниеге келген, кадет корпусының әскери қызметкері Сұлтанғазин Нұржандікі болып шықты. Денеде зорлық белгілері жоқ. Қажетті сараптамалар тағайындалды", - деді полицейлер.

Еске салайық, 12 маусымда полигоннан келген әскери қызметкер жоғалған болатын. Бұған дейін жоғалып кеткен жігіттің ағасы Фархад Сұлтанғазин Нұржанды соңғы рет Щучинсктегі дәмханалардың бірінде көрген. "Дәмхана әкімшілігі Нұржанның расында сонда болғанын және олардың ішімдік ішкенін айтты. Кейінірек олардың арасында жанжалдың пайда болғанын айтты. Бірақ менің інім ол жанжалға қатысқан жоқ. Дәмхана әкімшілігінің айтуынша, менің інім үстел үстінде ұйықтап кеткен және сол кезде дәмханада бейтаныс бір жігіт жүрді. Дәмхана жабылатын кезде менің інім сонымен бірге шығып кетті", - деді Фархад Сұлтанғазин.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети