Жоғалып кеткен көкшетаулық студент қыз Нұр-Сұлтандағы кафелердің бірінен табылды

17 Қараша, 16:08
0
Жоғалып кеткен көкшетаулық студент қыз Нұр-Сұлтандағы кафелердің бірінен табылды - Сурет: Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі
Сурет: Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі

Жоғалып кеткен көкшетаулық 16 жастағы студент қыз Нұр-Сұлтандағы кафелердің бірінен мас күйде табылды. Ол үйіне оралудан бас тартқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Із-түссіз жоғалып кеткен қызды табу үшін оның ондаған танысы мен жақыны сұралған. Қызды кездейсоқ көріп қалуы мүмкін тәртіп сақшылары мен қалааралық автобустар мен такси жүргізушілерімен де жұмыс жүргізілген. Көкшетау тұрғынының суреті Ақмола және көршілес облыстардың, сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласының барлық аумақтық полиция бөліміне ілінді.

"16 жастағы Расула Жанашева 15 қарашада кешке елордалық кафелердің бірінен табылды. Ойын-сауық орнында қыз мас күйде болып, үйіне қайтудан бас тартты. Қазіргі уақытта кәмелетке толмаған жасөспірім әкесінің бақылауында", - деп хабарлады Ақмола облысы ПД баспасөз қызметіндегілер.

Еске салайық, Расула Жанашеваның жоғалып кеткені туралы хабар 13 қарашада Көкшетау қаласының полиция басқармасына түскен. Анасының айтуынша, 8 қарашада қаладағы колледжердің бірінде оқитын 1-курс студенті Зеренді ауылында тұратын әкесіне баратынын айтқан. Алайда қыз бала ол ауылға жетпеген. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай