Павлодарлық әскери қызметкер Дәулет Орынтаев Алматыдан табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Павлодарлық әскери қызметкер Дәулет Орынтаев Алматыдан табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Бүгін, 12 наурыз күні шамамен сағат 13.00-де Алматы өңірлік гарнизоны әскери полициясының жедел тобымен Алматы қаласындағы "Сайран" автовокзалының аумағында, келісімшарт бойынша ефрейтор Дәулет Орынтаев ұсталды, ол бұған дейін жұмысына шықпай, жоғалып кетті деп танылған болатын", - делінген хабарламада.
Оның 1 наурыздан бүгінге дейін Алматыда болғаны анықталды. Әскери қызметкердің дені сау, ол өзінің жоғалып кету себебін демалғысы келгенімен түсіндірді.
"Бүгінгі таңда бұл дерек бойынша қылмыстық іс сотқа дейінгі реестрге тіркелді. Өскемен гарнизонының әскери полициясы бұл дерек бойынша тергеу жүргізіп жатыр", - деп хабарлады Қорғаныс министрлігіндегілер.
Еске сала кетейік, 21 жастағы Дәулет Орынтаев биыл ақпан айының соңында Өскеменде жоғалып кетті. Оның туысы әрі бұрынғы қызметтесі Мәди Рақымбергенов оның келісімшарт бойынша қызмет еткенін және жалдамалы пәтерде тұрғанын хабарлады. 28 ақпанда шамамен кешкі сағат бесте әскери қызметкерге старшина келді. Ал кешкі сағат сегіз шамасында оған туыстары қоңырау шалған, бірақ ол жауап бермепті. Оны іздеу үшін туыстары экстрасенстердің көмегіне жүгінді, олар жігітті біреулердің Өскеменнен 14-20 шақырым жерде күштеп ұстап отырғанын айтқан. Айта кетейік, жігіт жоғалып кеткен сәттен бастап оның телефоны бір рет қосылған. Ол номерден қоңырау шалынған және қоңырау Алматыға жақын маңда тіркелген.