01 тамыз 2014 15:02

Жол апатына ұшырағандар "Эйр Астана" қызметкерлері болып шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Аuto.lafa.kz ©Аuto.lafa.kz

Алматыда 1 тамызға қараған түні жол-көлік оқиғасына ұшыраған пилоттар мен стюардессалар "Эйр Астана" әуе компаниясының қызметкерлері болып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компанияның қоғаммен байланыс жөніндегі департаментіне сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасы сағат 01.30-да Солтүстік айналым мен Постышев көшесінің қиылысында болған. Toyota Surf автокөлігі "Эйр Астана" компаниясының шағын автобусына соғылды. Toyota Hiace шағын автобусының жүргізушісі Солтүстік айналыммен оңтүстік бағытқа қарай келе жатқанда жол талғамайтын көлік қатты жылдамдықпен түйген. Шағын автобуста екі пилот пен екі бортсерік болды. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.

"Алғашқы медициналық жәрдем көрсетілгеннен кейін пилоттар үйлеріне жіберілді. Екі бортсерік ауруханада жатыр. Олардың бірі үйлестіру жарақаты бөлімшесінде, екіншісі тиісті тексеруден өтіп, ем алып жатыр", - делінген әуе компаниясының хабарламасында.

Еске сала кетейік, бұған дейін Lafa.kz порталы Алматыда жол-көлік оқиғасына ұшыраған шағын автобуста Lufthansa қызметкерлері болған деп хабарлаған еді. Порталдың хабарлауынша, көлікті соққан джип жүргізушісі мас болған. Ол медициналық куәландыруға жіберілді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети