Жол апатынан үш адам қаза тапқан: жүргізушіге қатысты үкім шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жол апатынан үш адам қаза тапқан: жүргізушіге қатысты үкім шықты Фото: СҚО полиция департаменті/ Kazinform

Солтүстік Қазақстан облысында сот қарсы жолға шығып, жол апатына себепші болған жүргізушіге қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Солтүстік Қазақстан облысында сот қарсы жолға шығып, жол апатына себепші болған жүргізушіге қатысты үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сот ақпанда Петровка ауылының маңындағы Жезқазған - Петропавл автожолында сотталушы Howo жүк көлігімен келе жатып, жол ережесін бұзып, қарсы қозғалыс жолағына шығып, Toyota Camry жеңіл автокөлігімен соқтығысқанын анықтады.

"Жол апаты салдарынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен екі жолаушы қаза тапты, қалған екі жолаушы әртүрлі дәрежедегі дене жарақатын алды", - делінген Солтүстік Қазақстан облысы сотының хабарламасында.

Сот мәліметінше, сотталушының кінәсі жәбірленушілер, куәгерлердің айғақтары, сот сараптамаларының қорытындылары, заттай дәлелдемелер және істің басқа материалдарымен дәлелденген.

Айыптаушы тарап жүргізушіні көлік құралдарын басқару құқығынан айыра отырып, 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сотталушы өз кінәсін мойындамай, ақтауды талап етті.

Нәтижесінде сот ер адамды (Қазақстан Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі) кінәлі деп таныды.

Жүргізуші 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтейді. Үкім күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети