Жол ережесін бұзған тағы бір полицей жазаға кесілді

08 Ақпан 2014, 12:35
0
Жол ережесін бұзған тағы бір полицей жазаға кесілді - YouTube сайтындағы бейнежазба кадры
YouTube сайтындағы бейнежазба кадры
Ақтауда жол ережесін бұзып, апатты жағдай туғызған полицей жазаға кесілді деп жазады Маңғыстау облысының ІІД баспасөз қызметіндегілерге сілтеме жасаған "Лада" газеті.

Полицейге қатысты қызметтік тергеу жүргізуге ғаламторға қойылған бейнеролик түрткі болған. Оны осы апатты бейнетіркегіші түсіріп алған басқа көліктегі куәгер ұсынса керек. Бейнежазбада полицейдің қызметтік көлігінің жол ережесін өрескел бұзып бара жатқандығы тіркелген. "Ол аталған заңбұзушылық бойынша айыппұл төлеп қана қоймай, сонымен қатар полицейдің жаяу отряды қатарына ауыстырылды" дейді ІІД баспасөз қызметіндегілер.



Еске сала кетелік, осыған дейін Павлодардың бір полицейі дөрекі әрекетін әшкерлеуші YouTube желісіндегі роликтің салдарынан қызметінен айырылып қалған болатын. "Павлодар Полиция - қалай болса, солай жүрем" деген роликті павлодарлық Светлана Лебедка желіге орнатқан болатын. Бейнежазбада полицей нөмірі бар Skoda автокөлігі Павлодардың орталық көшелерінің бірімен келе жатып, бір мезетте алты рет жол ережесін бұзған.





  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай