Жол ережесін өрескел бұзған жастар кортежі түсірілген видео пайда болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
Жол ережесін өрескел бұзған жастар кортежі түсірілген видео пайда болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
Видео Lada.kz басылымының "Народные новости" айдарында жарияланды. Онда 7 көлік түсірілген. Көліктердің арасында Toyota Land Cruiser Prado, Camry мен Corolla, сондай-ақ, Lexus 570 бар. Ал кейбір көліктердің мемлекеттік нөмірі - Маңғыстау облысына тиесілі - "12" деген нөмір бар.
Осыған қарағанда, видео Ақтауда түсірілген. Желі қолданушылары жастардың бұл әрекетіне наразылығын айтып жатыр.
"Ереже бұзғандар жазалансын. Көлік айыппұл тұрағына жеткізілсін. Не болып бара жатыр", "Соғыста жеңіске жеткендей қуанып жатыр ғой. Қазіргі жастарда сабыр жоқ" деп пікір білдірген қолданушылар.