Түркістан облысында Chevrolet маркалы көлігінің егде жастағы жүргізушісі біржақты көшеге шығып, жүргізушімен сөзге келісіп қалған видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Түркістан облысында Chevrolet маркалы көлігінің егде жастағы жүргізушісі біржақты көшеге шығып, жүргізушімен сөзге келісіп қалған видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері екі көлік жүргізушілері сөзге келісіп қалған видеоны көрген. Тексеру кезінде оқиға Келес ауданындағы ауылдардың бірінде болғаны анықталған.
Chevrolet көлігінің жүргізушісі жол ережесін өрескел бұзып, біржақты көше бойынша келе жатқан көлікке қарсы шығып, "Лада" көлігін қасақана соққан.
Бастапқыда видео авторы ер адамға бұл біржақты көше екенін, ол кері бұрылуы керегін түсіндірген. Егде жастағы ер адам: "Көлігіңді ал немесе мен оны итеріп тастаймын. Басып өтемін" деген. Нәтижесінде жүргізушілер келісе алмай, Chevrolet көлігінің жүргізушісі "Ладаны" басып кетпек болады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Полицейлер егде жастағы ер адамның кім екенін анықтады, ол - Шымкент қаласының тұрғыны болып шыққан.
"Ер адам Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің бірден төрт бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды: 593-баптың 2-бөлігі, 601-бап, 610-бап және 611-бап", - деді ПД өкілдері.
Жиналған деректер айыппұл салып, көлік иесін жүргізу куәлігінен айыру үшін сотқа жіберіледі. "Лада" жүргізушісі жол ережесін бұзған адамға қатысты арыз жазудан бас тартқан. Артынша екі көлік жүргушілері татуласқаны белгілі болды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!