Ұйымдасқан қылмыстық топ құрды және аса ірі көлемде пара алды деп айыпталған ҚР ҰҚК Шекара қызметінің экс-басшысы Нұрлан Жоламановтан сотта жауап алу жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ұйымдасқан қылмыстық топ құрды және аса ірі көлемде пара алды деп айыпталған ҚР ҰҚК Шекара қызметінің экс-басшысы Нұрлан Жоламановтан сотта жауап алу жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жауап алу кезінде Жоламановтан оның қарамағындағы адамдармен болған әңгімесі кезіндегі кейбір сөздерді түсіндіріп беру сұралды. Мемлекеттік айыптаушының сұрағына жауап берген Жоламанов Шекара қызметінде артылған ақшаны алуға болатынын білмегенін айтты. "Алғандарын іс материалдарынан білдім. Нақты бұл деректерді білген жоқпын", - деді Жоламанов.
Судья Ербол Ахметжанов Жоламанов пен Махмудов арасындағы әңгіменің жазбасында екіншінің "маған ақша керек" дегені туралы сұрады.
Жоламанов өзінің бұрынғы қызметкері Махмудовтың құмар ойындарымен әуестенетінін айтты. "Ол орталық аппаратта қызмет еткендіктен, түрлі мәселелер туғанын қаламады. Мен оған: "бұл казинодан не аласың?" дедім. Мақсат Махмудовқа заңбұзушылыққа жол бермеуді ескерту болды", - деді Шекара қызметінің бұрынғы басшысы сот отырысында.
Судья диалогты жария етті. "Ол жерде фирма шығып тұр. Маған шұғыл ақша керек. Содан алсам бола ма? Бұған дейін үйде жинап, жасырып жүрдім, ол жерден алам егер көп емес болса...", - дейді Махмудов диалог кезінде. Жоламанов оған: "Өзің шеш" деп жауап береді.
- Сіз әңгіменің ақша туралы, оның ішінде Махмудов жинап, жасырған және сол жерден қарызға алғысы келіп тұрған ақша екенін анық түсіндіңіз бе? - деп сұрады судья.
- Маған іссапарға кету керек болды. Ол маған әңгіменің казино туралы екенін жүре түсіндірді. Мен оның ақшаны қарызға алғысы келіп тұрғанын түсіндім, - деп жауап берді Жоламанов.
Махмудов әңгіме қазандық жабдығын сатып алу туралы екенін және бұл әңгіме қылмыстық әрекетті ишаралау шеңберінде болғанын айтты.
Судья Жоламановқа сотталушының өзі бұл деректі жоққа шығарғанымен куәгерлердің не себепті артылған ақшаны беріп жібергенін айтқанын сұрады. Жоламанов жауап беру кезінде куәгерлерге қысым көрсетілуі мүмкін екенін айтты. Ол сотта бұрын берген жауаптарынан бас тартқан куәгер Темірқұловтың мәлімдемесін еске салды. Темірқұлов ақшаны беріп жібермегенін, жауап алу кезінде тергеуші қысым көрсеткенін айтты.
Ол Балмағамбетов ұсталғаннан кейін арандату жағдайлары болуы мүмкін екенін де жоққа шығармады. Сондай-ақ Жоламанов өз қызметкерлері арасында жанжалдар болғанын да айтты. "Мен келген кезде Қарулы Күштерден келген әскерилерге қатынас басқаша болды, олар бізді келеке ететін, содан сырттан келгендермен арада кәдімгідей жанжалдар болатын, олар бізге "қарбыз" дейтін. Бұл мынаны білдіреді: сырты "жасыл" - шекарашы, іші - "қызыл". Осы негізде кейбір орынбасарлар, басшылар мен бас басқарма басшылары арасында жанжалдар болып тұрды. Қилыбасов пен шекаралық бақылау басқармасының бастығы Төлебаев араздасып қалып, бір-бірінің үстінен шағым жазды", - деді Жоламанов сотта.
Еске сала кетейік, 26 қаңтар күні Астанада ҚР ҰҚК Шекара қызметінің бұрынғы басшысы Нұрлан Жоламановтың ісі бойынша сот отырысы басталған еді. Істің бір фигуранты - Алматыдағы №2458 әскери бөлімнің командирі Қайрат Балмағамбетов. Жоламанов пен Балмағамбетов ұйымдасқан қылмыстық топ құрды және аса ірі көлемде пара алды деп айыпталып отыр. Айып бойынша Жоламанов 300 мың доллардан астам пара алған, ол 2014 жылдың қазан айынан бері қамауда отыр.
Оның алдында сотта Жоламанов өзіне тағылған айыпты мойындамады, ол мұны саяси тапсырыс деп атады. Балмағамбетов кінәсін толық мойындап, өкініш білдірді. Сотта ол генерал Жоламановпен 2011 жылдан бері таныс екенін, онымен Ақтөбе гарнизоны әскери полициясы бөлім басшысы міндетін атқарған кезде танысқанын айтты. Оның айтуынша, біршама уақыттан соң Жоламанов Балмағамбетовтің ҚР ҰҚК Шекара қызметіне ауысуына жәрдем берген.