Жол ақысын төлегісі келмеген жолаушы қызды бетіне жасыл дәрі жағуға мәжүрлеген қостанайлық такси жүргізушісі өз әрекетін түсіндірді, - деп хабарлайды "Наша Газета" басылымы.
Жол ақысын төлегісі келмеген жолаушы қызды бетіне жасыл дәрі жағуға мәжүрлеген қостанайлық такси жүргізушісі өз әрекетін түсіндірді, - деп хабарлайды "Наша Газета" басылымы.
Сотталушы өзін кінәлімін деп есептемейді екен. "Менікі қате деп есептемеймін. Әділдік үшін өмір сүремін! Қыз нашақор ретінде есепте бар. Мен оны досымен бірге бір жерге апардым. Досы қашып кетіп, ол ештеңе төлемейтінін айтты", - деді ер адам журналистерге сот отырысынан кейін.
Ол осы әрекетімен қызды жазалағысы келгенін айтып отыр. "Мен екі бірдей жұмыс істеймін: такси жүргіземін және құрылыста істеймін! Балаларымды, отбасымды асырауым керек. Еңбегін жесе кімге ұнасын? Осыған дейін төлегісі келмеген тағы бір адамды полиция бөлімшесіне апарғым келген. Екі жыл өтті, ешкім ештеңе істеген жоқ. Себебі 800 теңге соттасатындай көп ақша емес. Бұл сома бізде шығын ретінде де есептелмейді (...) Мен қыздың бетіне жасыл дәріні өзім жаққан жоқпын, осылай істе деп ұсындым - ол келісті", - деді такси жүргізушісі.
Сонымен қатар, ол видеоны әлеуметтік желіде таратпағанын және жәбірленушіне зорлық көрсетпегенін айтты. "Бізде кім бірінші болып арыз жазса, соныкі дұрыс болып шыға келеді! Осы қызбен оқиғадан кейін әңгімелескенмін. Ол менен ақша талап етті. Мен оған ештеңе де төлемеймін. Өзімді кінәлі деп есептемеймін. - нашақор емеспін, ешкімді "лақтырып" кеткен жоқпын, бірақ оны емес, мені соттап жатыр", - деді Мұрат Бижанов.
Еске салайық, Мұрат Бижанов ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 1-бөлігі ("Бұзақылық") бойынша айыпталып жатыр. Іс материалдарына қарағанда, 10 ақпанда сағат шамамен 15.00-де Нариман базарының маңында ол жолдың ақысын төлемеген клиентті бетіне жасыл дәрі жағуға мәжбүрлеген. Кейінірек оқиғаның видеосы Интернетте пайда болып, шуға айналды. Интернеттегі қолданушылардың бір бөлігі ер адамның әрекетін сөксе, екіншілері такси жүргізушісінің әрекетін әділдік деп бағалады.