01 маусым 2015 | 13:43

Жолаушыға қол көтерген шымкеттік полицейлер қызметтерінен кетуі мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Youtube.com © Youtube.com

Жүргізуші мен жолаушыға тиіскен шымкенттік полицейлер қызметтерінен кетуі мүмкін. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Шымкент ІІБ басшысы, подполковник Данияр Мейірхан айтып берді.


Иконка комментария блок соц сети

Жүргізуші мен жолаушыға тиіскен шымкенттік полицейлер қызметтерінен кетуі мүмкін. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Шымкент ІІБ басшысы, подполковник Данияр Мейірхан айтып берді.

Осыған дейін Интернетте жол полицейінің екеуара әңгімені түсіріп отырған жолаушының камерасын тартып алғысы келіп, кейін авмомобильді бірнеше рет ұрғаны бейнеленген видео пайда болған еді. 

"Біз бұл роликті көре салысымен тексеру жұмыстарын бастадық. Ең қатаң жазаға тартылатын болады. Взвод командирі мен экипаждың үш мүшесі жұмыстан кетуі мүмкін. Қазір олар жұмыс істеп жатқан жоқ", - деді Мейірхан.

Айта кетейік, видеодағы полицейлер бұрыннан қызмет ететін болып шықты. Бір полицей 25 жыл қызметте болған.

Оқиға 21 мамырда Шоқан Уәлиханов көшесінде, № 40 мектепке қарама-қарсы жерде болды. Тоқтаған жүргізуші жол полицейінен ереже бұзғандығын дәлелдеуін сұрады. Ер адам онсыз құжат көрсетуден бас тартты. Жүргізуші хаттама толтыру үшін ғана құжаттарын беруге келісті, бірақ полицей хаттаманы әкелген жоқ.

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети