Жолаушылар пойызының жүк көлігімен соқтығысуынан бір адам қаза тапқан. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облыстық ТЖД өкілдері хабарлады.
Жолаушылар пойызының жүк көлігімен соқтығысуынан бір адам қаза тапқан. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облыстық ТЖД өкілдері хабарлады.
"Газ тасымалдаушы көліктің 1963 жылғы жүргізушісі қаза тапты. Пойыз машинисінің көмекшісі жарақат алды, алдын ала мәлімет бойынша ол сынық жарақатын алған", - деп хабарлады өңірдегі ТЖД өкілдері.
"Қазақстан темір жолы" ҰК АҚ баспасөз қызметіндегілердің айтуынша, оқиға Маңғышлақ - Бейнеу өткелінде 16.30-да болған. Машинистің айтуынша, автомашина өткел алдында тұрған. Кейін автомобиль жүргізушісі оқыстан қозғалып кеткен. Машинист сағатына 50 шақырым жылдамдықта шұғыл тоқтатуды іске қосқан, бірақ ара-қашықтықтың аз болуына байланысты соқтығысудың алдын алу мүмкін болмады", - деп хабарлады компаниядағылар.
Оқиға орнына өрт сөндіру және қалпына келтіру пойызы жеткен. Қалпына келтіру пойызы газ таситын көлікті темір жол линиясынан алып тастау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Оқиға орнында өңірлік ТЖД жедел тобы жұмыс істеп жатыр.