Жітіқара тұрғыны балаарбамен кетіп бара жатқанында үстіне көлігімен лай шашып өткен жүргізушіні сотқа берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қостанай облысы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жітіқара тұрғыны өзіне және 2013 жылғы баласына автокөлікпен лай шашып кеткен жүргізушіден материалдық шығын ретінде 14 мың теңге өндіру ісінде сотта жеңіске жетті. Өкпелі ана бұл іске қасақана барды", - делінген соттың хабарламасында.
Іс материалдарына қарғанда 13 сәуірде Toyota маркалы автомобилін Жітіқарадағы орталық базардың маңында жүргізіп келе жатып, лайды айналып өткісі келмей, оның маңынан жүріпті. Салдарынан абайсыз жүргізуші қыз бен оның баласына лай шашып өткен. Зардап шеккен әйел жүргізушіге қатысты жаза қолдануды сұрап, дереу полицияға хабар беріпті. Тексерістен кейін тәртіп сақшысы жүргізушіні табады.
"Зардап шеккен әйелдің сөзіне қарағанда ол рухани жағынан қиналыпты, адамдар оған жақтырмай қарап, ол ұялып, дәрменсіз күй кешіпті. Ал киімі лай болған бала жылап жатыпты. Оның шешесі баласын емізе алмай қалыпты", - делінген сот хабарламасында.