Жүк көлігіне бетпе-бет соғылған: Павлодар облысында үш адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жүк көлігіне бетпе-бет соғылған: Павлодар облысында үш адам қаза тапты Куәгерлер суреті

Павлодар облысында ірі жол апаты болып, үш адам қаза тапты, бір адам ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысында ірі жол апаты болып, үш адам қаза тапты, бір адам ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 8 қаңтарда кешке Павлодар – Семей тасжолында, Тлектес ауылының маңында болған.

Полиция мәліметінше, Kia Sportage жүргізушісі қар тазалайтын техниканы басып озбақшы болып, қарсы жолаққа шығып, "КамАЗ" жүк көлігімен бетпе-бет соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасының куәгерлерінен

"Кia Sportage жүргізушісі қар тазалайтын көлікті басып озу кезінде қарсы бағытқа шығып, "КамАЗ" көлігімен бетпе-бет соқтығыс жасады. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Kia жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапты", – деп түсіндірді өңірлік Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жол-көлік оқиғасының куәгерлерінен

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, жеңіл көліктің тағы бір жолаушысы жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.

"Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Көліктер арнайы тұраққа қойылды", – деді Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі мәліметінше, үш жеңіл көлік пен жүк көлігі қатысқан ірі жол апатына құтқарушылар мен Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері жұмылдырылған. Оқиға орнында авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілді. Құтқарушылар зақымданған көліктен екі адамның денесін шығарды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети