Атырау облысында қайын атасы мен қайын енесін өлтірді деген күдікке ілінген Сұлтан Сәрсемалиевке бағдар жарияланды. Бұл ақпарат Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сұлтан Сәрсемалиевті іздестіру ісі 8 қаңтарда Атырау облысында тіркелген. Іске бастамашы болған - ІІМ. Бұл істі Атырау облысының Полиция департаменті жүргізеді.
qamqor.gov.kz
Жоғалған отбасының ісі
Еске салайық, 25 желтоқсанда Атырау облысының полициясына бір отбасы жоғалғаны туралы арыз түскен. 6 қаңтарда ерлі-зайыпты өлі табылды. Олардың ұл-қызы әлі іздестіріліп жатыр. Бұл дерек бойынша адам өлтіру белгілерімен қылмыстық іс қозғалған. Күдіктілер анықталғаны айтылды.
8 қаңтарда ерлі-зайыптыны ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті.
Сонымен қатар, Жангелдин ауылында қайтыс болған ерлі-зайыптының өліміне байланысты күдіктіге іздеу жарияланды. Күдікті - Атырау облысы Махамбет ауданының 29 жастағы тұрғыны. Бұл оқиғаға өзге де адамдардың қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!