Жұмбақ жағдайда жоғалған отбасы: туыстары күдіктерін бөлісті

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жұмбақ жағдайда жоғалған отбасы: туыстары күдіктерін бөлісті

25 желтоқсанда Атырау облысы Қызылқоға ауданы Жангелдин ауылында бір отбасы жоғалып кеткені белгілі болды. Tengrinews.kz-ке жоғалған жандардың туысы мән-жайды айтты.

ПОДЕЛИТЬСЯ

25 желтоқсанда Атырау облысы Қызылқоға ауданы Жангелдин ауылында бір отбасы жоғалып кеткені белгілі болды. Tengrinews.kz-ке жоғалған жандардың туысы мән-жайды айтты.

Әсила Мұқанғалиеваның сөзінше, соңғы рет ағасымен 2025 жылғы қазанда сөйлескен. Ол жұбайымен үш бала тәрбиелеп өсірген: екі қыз бен бір ұл. Кіші қызы күйеуімен бірге көрші Махамбет ауылында тұрған.

Ерлі-зайыпты зейнетақыға күн көрген, мал шаруашылығымен айналысқан.

"Аға-жеңгем өте мейірімді, қарапайым адамдар еді. Үшінші топтағы мүгедектігі бар зейнеткерлер. Зейнетақы алатын, мал шаруашылығымен айналысты. Олар жан баласына жамандық жасамайтын", - деді туысы.

Туысының айтуынша, қайғылы оқиға кіші қызы күйеуімен бірге ата-анасына келгеннен кейін болуы мүмкін. Оның сөзінше, олардың күйеу баласы жоғалған жандарды көрген соңғы адам болған.

"Ауыл тұрғындарының айтуынша, күйеу бала ініміз мен сіңілімізді таксиге отырғызып, алып кеткенін көрген. Сондықтан күйеу бала күдікті деп санаймыз. Ол жалғыз әрекет еткен жоқ, жанында басқа адамдар да болуы мүмкін", - деді ол.

Бұрын ерлі-зайыпты мен күйеу баласының арасында ұрыс-жанжал болмаған.

Қазір бұл отбасының кіші қызы мен оның күйеуі қайда екені белгісіз. Олардың бес баласын туыстары қарап отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 508.96  course up  598.66  course up  6.34  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети