Ақтөбе облысында ерлі-зайыпты суицид жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақтөбе облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақтөбе облысында ерлі-зайыпты суицид жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақтөбе облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"2017 жылжың 15 мамырында "102" телефонына Ақтөбе қаласының маңындағы Құрайлы ауылында ретрансляция мұнарасының үстінен бір әйел мен ер адамның секіруге дайын тұрғаны жайлы аноним хабар түсті. Оқиға орнына барған жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері олармен келіссөз жүргізді, бірақ бұған қарамастан ер адам мен әйел мұнарадан секіріп кетіп, алған дене жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты", - деп хабарлады ІІД өкілдері.
Сөйтсек, бұған дейін оларға қатысты соталды тергеу басталған екен. Оларға ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабының 2-бөлігі бойынша ("Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi ата-анасының немесе өзiне осы мiндеттер жүктелген өзге адамның, сол сияқты педагогтiң немесе оқу, тәрбиелеу, емдеу мекемесінің немесе кәмелетке толмаған адамды қадағалауды жүзеге асыруға мiндеттi өзге мекеменiң басқа да жұмыскерiнiң кәмелетке толмаған адамға қатыгездік танытуымен ұласқан орындамауы немесе тиісінше орындамауы") күдік келген.
Іс материалдарына қарағанда, 2017 жылдың 13 мамырында Құрайлы ауылдық округінің территориясында тексеріс кезінде полиция инспекторына ауылдағы көшелердің бірінің тұрғындары осы маңда тұратын үйлердің бірінен 7 жасар қыздың жоғалып кеткенін хабарлаған. Айтуларынша, қызды олар үш күндей уақыт көрмеген.
Қыздың тұратын үйіне барған инспекторға әкесі мен өгей шешесі оның туыстардың үйінде жүргенін айтқан. Алайда полиция қызметкерлері көрші бөлмеге кіріп, көзі ісіп, жылап жатқан қыздың жатқанын байқаған. Қыз облыстық балалар ауруханасына "Бассүйек мидың жабық жарақаты. Мидың шайқалуы. Денедегі көптеген ісік" диагнозымен жатқызылған.
Ақтөбе облыстық ІІД өкілдері суицид дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабының 1-бөлігі бойынша ("Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу") сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, сараптамалар тағайындалған. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Полицейлер тергеудің нәтижесін алдағы уақыттарда хабарлауға уәде берді.