ПОДЕЛИТЬСЯ
23 мамыр 2023 | 11:07
Жүргізуші итті неге көлікке байлағанын түсіндірді: Шымкент полицейлері істі сотқа жіберді
Шымкенттік полицейлер әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында белгісіз адамның қала көшелерінің бірінде Opel Astra автокөлігіне итті байлап алғаны түсірілген видеоға назар аударды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі POLICE_of_KZ Тelegram-арнасына сілтеме жасап.

ҚПД Жедел басқару орталығының инспекторлары "Қорғау" қосымшасы көмегімен көліктің қозғалған орны мен жүргізушінің жеке басын анықтаған.
"Ол Түркістан облысының тұрғыны болып шықты. Деректер Әл-Фараби аудандық ПБ-ға жолданды. Ер адамның сөзінше, ол көшіп жатқан. Автокөліктің салонында итке орын болмағандықтан, оны көлікке байлауды ұйғарған", - делінген хабарламада.
Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 407-2-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Жиналған материалдар мамандандырылған әкімшілік сотқа жіберіледі. Ер адаммен профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілгені айтылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также